Газа секторында жағдай нашарлап кетті – Қызыл Жарты ай

186

Жалғыз "Рафах" бақылау-өткізу пункті жұмысы толығымен тоқтатылды.

Газа секторында жағдай нашарлап кетті – Қызыл Жарты ай Фото: © AP Photo / Leo Correa

Палестинаның Қызыл Жарты Ай қоғамы (PRCS) Израиль әскери күштері бақылауға алған шекара өткелдерінің жұмысын тоқтатуына байланысты Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың күрт нашарлағанын мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Палестинаның Қызыл Жарты Ай қоғамы Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауы туралы ескертеді, өйткені шекара өткелдерін Израиль әскери күштері жауып тастады және "Рафах" бақылау-өткізу пунктінің жұмысы толығымен тоқтатылды. Газа секторындағы шекара өткелдерінің жұмысын тоқтату жақын арада гуманитарлық әрі денсаулық сақтау дағдарысына әкеледі", - деді ұйым Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

PRCS 7 мамырда Израиль әскери күштері жапқан "Рафах" БӨП "гуманитарлық көмек, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жанармай жеткізуді қамтамасыз ететін бүкіл Газа секторы үшін негізгі жеткізу артериясы" екенін атап өтті.

"Оның жұмысын тоқтату сөзсіз аштыққа әкеледі, ал жанармай жеткізілімін тоқтату денсаулық сақтау жүйесінің толық құлдырауына және қалған ауруханалардың, жедел жәрдем қызметінің, суды тұщыландыру станцияларының және кәріз желілерінің жабылуына қауіп төндіреді", — делінген хабарламада.

Ұйым әлемдік қоғамдастыққа жедел араласып, Израиль билігіне бақылау бекеттерін ашуға және Палестина анклавына гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуге қысым жасауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу