Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Палестина территориясындағы директоры Антуан Ренар ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты Financial Times-қа сілтеме жасап.
Ренар Газаның 400 мыңға жуық тұрғыны азық-түлік тапшылығына тап болғанын айтты. Жергілікті тұрғындар соңғы жылдары азық-түлікпен қамту нашарлап кеткенін газет беттеріне жазып, елдегі жағдайды хабарлаған екен.
Израиль 50 жүк көлігі азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізгенін айтып, шектеу қойылмағанын алға тартты.
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Израиль билігіне жолдаған хатында күніне 350 жүк көлігінің кіруін және өткізу пункттерінің санын көбейтуді талап етті. Сондай-ақ хатта бұл шарттарды 30 күн ішінде орындамау АҚШ-тың Израильге әскери көмегіне қауіп төндіруі мүмкін екенін баса айтты. Бұл үндеу көп ұзамай гуманитарлық ұйымдар тарапынан қолдау тапты.