Газа секторындағы бітім екі күнге ұзартылды

328

Хамас кепілге алынғандарды босату бойынша келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Газа секторындағы бітім екі күнге ұзартылды Фото: Mohammed Talatene / dpa / TASS

Палестиналық "Хамас" қозғалысы бітімгершілікті тағы екі күнге жалғастыратындарын мәлімдеді,  деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Хамас ұйымы Катар және Мысырмен бұрын келісілген шарттар бойынша уақытша гуманитарлық бітімгершілікті тағы екі күнге ұзартуға келісті", - делінген исламдық қозғалыстың мәлімдемесінде.

Бастапқыда 24 қарашадан бастап төрт күнге бітімге келу туралы келісім жасалды.

Хамас кепілге алынғандарды босату бойынша келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу