Наурыз айынан бері Газа секторындағы Израиль әскерилерімен қақтығыста 100-ден астам палестиналық қаза тапқан. Бұл туралы Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады kazislam.kz.
Сонымен қатар 13 мыңнан астам палестиналық түрлі жарақат алған немесе газдан уланған.
Министрліктің дерегі бойынша марқұмдардың қатарында 13 бала бар. Ал бас көтеру кезінде жарақат алған 300-ге жуық адам әлі ауруханада жатыр.
Наурыз айынан бері екі ел шекарасында қақтығыстар жиілей түскен. "Қайтару маршы" деп аталатын палестиналықтар көтерілісі Израильге өтіп кеткен тарихи жерлерін қайтару үшін басталған. Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуына байланысты болған қақтығыс салдарынан 61 Палестина азаматы қайтыс болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу