Қақтығыс басталғалы Газа секторындағы құрбандар саны 15 523-ке дейін өсті. Бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
41 316-дан астам адам түрлі деңгейде жарақат алды.
Таяу Шығыстағы жағдай 7 қазанда күрт шиеленісіп кетті. Бұған дейін Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатқанын, құрбандардың 70%-ы әйелдер мен балалар екенін айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу