Сонымен Израильдің шабуылдарынан Газа секторында барлығы 42 409-ға дейін адам құрбан болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, соңғы тәулікте Израиль армиясы эксклавтағы әртүрлі аудандарға соққы берді. Нәтижесінде 65 адам қаза тауып, 140 адам жарақат алды.
Израиль агрессиясынан зардап шеккендердің саны 2023 жылдың 7 қазанынан бастап 99 153-ке дейін өсті.
Атыс салдарынан қираған ғимараттардың үйінділерінің астында мыңдаған қаза тапқандардың денелері жатыр, азаматтық қорғаныс бригадалары Израильдің кедергілеріне байланысты оларды шығару әзірге мүмкін емес.