Газа секторындағы өртте 20-дан астам адам қаза тапты

438

Босқындар лагерінде тұтанған өрт кезінде қаза тапқандардың арасында жеті бала бар. Израиль жаралыларды эвакуациялауға көмек ұсынды. Палестина ұлттық автономиясының басшысы Аббас 18 қарашаны аза тұту күні деп жариялады.  

Газа секторындағы өртте 20-дан астам адам қаза тапты Фото: AFP/Mahmud Hams

Газа секторындағы босқындар лагеріндегі тұрғын үйде өрттің салдарынан кем дегенде 21 адам, оның ішінде жеті бала қаза тапты. Бұл туралы 17 қараша кешке dpa жергілікті аурухана директорына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Газа билігінің хабарлауынша, өрт Джабалия босқындар лагеріндегі үйдің жоғарғы қабатында болған. Кейіннен өрт ғимараттың қалған бөлігіне тарады. Ішіндегі барлық адамдар қайтыс болды. Төтенше жағдайлар қызметі бұл үйде Газа секторының тұрғындары қысқа отынның көп мөлшері жиналатынын айтты.

Оқиғаның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Куәгерлердің айтуынша, өртенген үйде тұратын отбасы шетелден туысының оралуын атап өтіп жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу