Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт бітімге қол қою кейінге қалдырылды

198

Оған себеп ретінде ХАМАС-тың келісімнің кейбір шарттарын орындамағаны айтылды. 

Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт бітімге қол қою кейінге қалдырылды Фото: wiwo.de

Алайда ХАМАС бұл айыптауларды жоққа шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Израиль ХАМАС-ты нақты қандай шарттардан бас тартты деп айыптағаны туралы ақпарат жоқ.

"Моссад" басшысы Давид Барнеа бастаған Израиль делегациясы Дохада келіссөздерді жалғастырып жатыр. Делегацияның келісім бермейінше, тар әскери кабинет пен министрлер кабинеті дауыс беруді бастамайды.

Үш кезеңнен тұратын келісім жексенбіде іске қосылуы тиіс, алайда оның көптеген егжей-тегжейі мен мерзімдері әлі анық емес. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху барлық мәселелер толық келісілмейінше пікір білдірмейтінін айтты.

Келісім жасалғаны туралы ақпарат сәрсенбі кешінде тараған болатын. Сонымен қатар, Израиль бейсенбіге қараған түні Газа секторына әуе шабуылдарын жалғастырды.

Шабуылдан ондаған адамның қаза тапқаны хабарланды.Соңғы келіссөздер Қатарда өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу