Газа секторының аяққа тұруына ондаған жыл қажет – БҰҰ

357

Алдағы үш жылда қалпына келтіру жұмыстарына 20 млрд доллар жұмсалмақ. 

Газа секторының аяққа тұруына ондаған жыл қажет – БҰҰ Фото: AP Photo / Abdel Kareem Hana

Газа секторын қалпына келтіру жұмыстары ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасы аясында Палестина аумақтарына көмек көрсету әкімшісінің арнайы өкілі Яко Силлиерс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, анклавтан 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығын шығару қажет.

"БҰҰ, Еуроодақ және Дүниежүзілік банк бірлесіп жүргізген бағалау нәтижесіне сәйкес, Газаны толық қалпына келтіруге шамамен 70 миллиард доллар қажет", – деді Яко Силлиерс.

Яко Силлиерс Газа секторындағы қалпына келтіру жұмыстары нақты қанша уақыт алатынын айтпады. Оның сөзінше, бұл жұмыс қаржыландыру көлеміне тікелей байланысты әрі ондаған жылдарды алуы мүмкін.

Айта кету керек, бұған дейін Газаға қатысты бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталғанын жазғанбыз. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу