Газадағы екі ірі байланыс провайдері: Paltel мен Jawwal сектордағы коммуникациялардың телефон байланысы мен интернет ішінара қалпына келтірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Байланыстарды қалпына келтіру мүмкіндігі БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігі палестиналық босқындарға көмектесу үшін біраз жанармай бергеннен кейін пайда болған. Провайдерлер өңірде отынның жеткіліксіз екенін, бірақ байланыс әзірге болатынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Таяу Шығыстағы жағдай 7 қазанда күрт шиеленісіп кеткен болатын. Осы күнге дейін қақтығыс салдарынан 11 025 палестиналық, 1400-деп астам Израиль азаматы ажал құшты.