Газада қаза тапқан адамдар саны 17 мыңнан асты

360

Бейсенбі күні Газа секторындағы Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) әскери операциясынан 17 мыңнан астам адам опат болды. 

Газада қаза тапқан адамдар саны 17 мыңнан асты Фото: pixabay.com

Соңғы 24 сағатта Израильдің соққылары салдарынан 350-ге жуық адам қаза тауып, құрбандар саны кем дегенде 17177-ге жетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты alquds.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес, 46 мыңнан астам адам түрлі жарақат алып, бұл зілзаладан зардап шеккен.

Бұдан бөлек, ЦАХАЛ осы аптадағы соққыларда Израиль әскерилері ХАМАС барлау бөлімшелерінің екі жоғары лауазымды мүшесін жойғанын айтып өтті. Олардың айтуынша, бұл адамдар 7 қазандағы шабуылды ұйымдастыруға ат салысқан.

Израиль әскерилері, сондай-ақ, бейсенбі күні Газа секторының оңтүстігінен босқындар лагері орналасқан аумақтан шамамен 12 зымыран атылғанын мәлімдеді. Олардың айтуы бойынша, зымырандар Израиль аумағына жетпей, Газа секторының территориясында жарылған.

Сонымен қатар, бейсенбіде Ливан аумағынан танкке қарсы зымыран соққысы кезінде Израильдің солтүстігіндегі шекаралас Маттат қаласында тұрған Израильдің бейбіт тұрғыны қайтыс болды. Бұған жауап ретінде, ЦАХАЛ әскери қызметшілері осы шабуылда жауынгерлік тікұшақтарды, танктер мен артиллерияны қолданып оқ жаудырды.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху "израильдік Ливан аумағынан атыс кезінде қайтыс болды" деген ақпаратқа түсініктеме бере отырып, Егер Ливанның "Хезболла" қозғалысы Израильді одан әрі атқыласа, Бейрут "Газа секторына айналады" деп халықты қорқытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу