7 қазаннан бері Газа секторында қаза тапқандардың саны 11 078-ге дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты палестина анклавтың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Ресми дерек бойынша, оның 4 506-ы – балалар, 3 027-і – әйелдер.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тағы 2700-ге жуық адам, оның ішінде 1500-ге жуық бала хабар-ошарсыз кетті. Жарақат алғандар саны – 27 490.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу