Газада қаза тапқандар саны 2808-ге жетті

364

Соңғы 24 сағатта 254 палестиналық қаза болған.

Газада қаза тапқандар саны 2808-ге жетті Фото: AFP / East News

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израилдің атқылауынан Газада кемі  2 808 палестиналық қаза тапқан, тағы 10 589 адам жарақат алған.

Сондай-ақ Газаның үкімет кеңсесі соңғы 24 сағатта 254 палестиналық қаза болғанын мәлімдеді. Опат болғандардың 64%-ға жуығы әйелдер мен балалар.

Газаның солтүстігінен оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласына мыңдаған адам бас сауғалауда. Олар алдарынан кездескен көлікпен, тіптен жылқыға отырып барынша израилдік зымырандардан аулақ кетуге тырысуда.

Арып-ашып Хан-Юнис қаласына жеткенде қала мұндай көп адамды қабылдауға дайын болмай шықты. Қаланың халқы бір түнде екі есе артқан.

Қаланың әр бұрышы қаңғыған бала-шаға, әйелдер мен ерлерге толы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу