Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Газа секторында және Иорданияның батыс жағалауында Израильдің әскери әрекеті салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 19088-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Палестина тарапының мәліметі бойынша, 54 450 палестиналық түрлі деңгейде жарақат алған. Қаза тапқандардың 18 800-і –Газа секторының, 288-і – Батыс жағалаудың тұрғындары.
Ажал құшқандардың қатарында 300 медицина қызметкері, 86 журналист және БҰҰ БАПОР агенттігінің 135 қызметкері бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу