Газада науқастарды анестезиясыз емдеуге мәжбүр болуда

793

Дәрігерлер осылай дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Газада науқастарды анестезиясыз емдеуге мәжбүр болуда Фото: TRT Haber

Солтүстік Лондоннан Газадағы Шифа ауруханасына барып, жұмыс істеп жатқан Ғассан Әбу Ситтахтың айтуынша, дәрігерлер бактериялық инфекцияларды емдеу үшін сірке суын қолдана бастаған. Себебі оларда басқа таңдау қалмаған.

Дәрігер орын толып кеткендіктен, науқастар отаға кеш кіріп жатқанын айтады. 

"Негізінде оны емдейтін түрлі әдістер бар. Ең ескі әдістердің бірі – сірке суы. Өкінішке орай, бізде басқа емнің бәрі бітті. Сондықтан мен сыртқа шығып, бірнеше бөтелке сірке суын алдым, кезек күткен науқастарды ота бөлмесіне апарған кезде емдей алу үшін", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу