Газада соғыс құрбандарының саны 30 мыңға жақындап қалды

647

Ал жараланғандардың саны 70 мыңға жуықтап отыр.

Газада соғыс құрбандарының саны 30 мыңға жақындап қалды Фото: Global Look Press/Ahmed Zakot

Соңғы тәуліктің өзінде Израиль армиясының шабуылынан Газа секторында 86 палестиналық мерт болып, 131-і жараланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хамас басқаратын анклавтың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұнда төрт айда 29 700-ге жуық палестиналық қаза тапты. Ал жараланғандардың саны 70 мыңға жуықтап отыр, деп жазады Qazaqstan.tv.

Дегенмен құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі талай адам бомбаланған ғимараттардың астында жатыр.

Израиль әскері Газаға шабуылды қазанның 7 күні хамастықтар еврей мемлекетінің оңтүстігіне басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алғаннан кейін бастады.

Мысыр үкіметінің дерегінше, тараптар осы аптада Дохада кездесіп, атысты доғару мәселесін талқылауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу