Бұл туралы 23 қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы Даниэль Хагари мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуаға сілтеме жасап.
Хагари Израиль әскерилерінің аймақтағы міндетінің бірі – ХАМАС-қа тиесілі ғимараттарды жою екенін айтты. Шабуылға ұшыраған танк осы операцияны жүзеге асырып жатқан әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Хагари қайтыс болғандардың арасында көптеген резервшілер бар екенін айтты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз елінің армиясы толық жеңіске жеткенше ХАМАС-қа қарсы күресті жалғастыратынын айтты. Нетаньяху Газа секторының оңтүстігінде 21 сарбаздың өмірін қиған ғимараттың қирауын тергеуге уәде берді.
ЦAXAЛ агенттігінің хабарлауынша, Газа секторындағы құрлық операциясы басталғалы қаза тапқан израильдік әскерилердің саны 219-ға жеткен. 1200-ден астам сарбаз жараланған. DPA агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС-тың Израильге жасаған ауқымды шабуылынан кейін қаза тапқан израильдік сарбаздардың жалпы саны 556-ға жеткен.