Палестина өкілі Ваэл Абу Мохсен AFP агенттігіне берген сұхбатында 100-ге жуық қос азаматтығы бар шетелдік екінші күн қатарынан ашық тұрған Рафах өткелі арқылы Газадан Мысырға жеткенін айтты.
Оның айтуынаша, 400 шетелдік төлқұжат иесі, сондай-ақ жедел жәрдем көлігімен ауыр жараланған 60 палестиналық күн соңына дейін шекарадан өтеді деп күтілуде.
Нидерландының NOS қоғамдық телерадиокомпаниясы да Газадағы алғашқы Голландия азаматтары Мысыр шекарасынан өткенін хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Газада 27 Нидерланды азаматы бар, олар жақын туыстары Нидерландыда тұратын немесе осы елде тұруға құжаттары бар адамдар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу