Газадағы денсаулық сақтау саласын қалпына келтіруге 7 миллиард доллар қажет

121

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. 

Газадағы денсаулық сақтау саласын қалпына келтіруге 7 миллиард доллар қажет Фото: Zuma/ТАСС

Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіруге кететін шығын кем дегенде 7 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

— Газаның денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтірудің жалпы құны кем дегенде 7 миллиард долларды құрайды, — деді Тедрос Гебрейесус Женевада өткен брифингте.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған дейін 41 науқас пен олардың жанындағы көмекші 145 адамды бірнеше елге эвакуациялауға көмектескен.

— 15 000 науқас, оның ішінде 4 000 бала Газадан тыс жерде емделуге мұқтаж, — деп атап өтті ұйым басшысы.

Ол сондай-ақ эвакуацияны күтіп жатқан 700-ден астам адамның қаза тапқанын хабарлады.

БҰҰ, Еуропалық Одақ және Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Газаны толық қалпына келтіруге шамамен 70 миллиард доллар қажет. Алайда бұл қаражатқа сектордың барлық аймағы қалпына келтірілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу