Газадағы геноцид туралы айтқан Израиль депутаты мінберден күштеп қуылды

174

Израиль Кнессетінің мүшесі, парламент депутаты Айман Ода үкіметті Газадағы бейбіт тұрғындарға қарсы геноцид жасады деп ашық айыптады.  

Газадағы геноцид туралы айтқан Израиль депутаты мінберден күштеп қуылды Фото: Видеодан скриншот

Оны сол сәтте өзге әріптестері мінберден күшпен алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айман Оданың айтуынша, жарты жылдық соғыс кезінде Израиль 19 мың баланы өлтіріп, университеттер мен ауруханаларды жойған, бірақ саяси жеңіске жете алмаған.

"Сіздер әлсізсіздер, себебі кінәсіздерді өлтіріп жатырсыздар", - деді ол.

Дәл осы сәтте оның сөзі тоқтатылды.

Айта кетейік, қазір Газа секторында халық аш. Азық-түлік жетіспей, тамақ ұрлау көбейген. 

Кеше Газа аймағына гуманитарлық көмек тиелген 100 жүк көлігі жетті.

БҰҰ өкілдері:  "Аталған көмек жетпейді, кемі 500 көлік тиелген көмек қажет", - деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу