БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Газа секторында қақтығыс басталғалы ұйымның 136 қызметкері қаза тапты деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Газа секторында 75 күн ішінде 136 әріптесіміз қаза тапты. БҰҰ тарихында болмаған жағдай. Қызметкерлердің көпшілігі үйлерінен кетуге мәжбүр болды", - деп жазды ол жұма күні X әлеуметтік желісінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу