2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан қаза тапқандар саны 45 805 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қақтығыс 457 күннен бері жалғасуда. Тек кейінгі 24 сағатта Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында жасаған "бес қырғын" нәтижесінде 88 адам қаза тапты. Бұған қоса Палестина эксклавының 208 тұрғыны зардап шекті", – делінген хабарламада.
2023 жылдың 7 қазанынан бері 109 064 палестиналық жарақат алған. Қаза тапқандардың мәйіттері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр.
"Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль әскерилері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмай отыр", – деп қосты ведомство.