Газадағы негізгі аурухана өз жұмысын тоқтатты

650

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газаның бас медициналық мекемесіндегі ауыр және қауіпті жағдай туралы ескертті.  

Газадағы негізгі аурухана өз жұмысын тоқтатты Фото: mavink.com

ДДСҰ Газа қаласындағы Әл-Шифа ауруханасы тұрғындарды қабылдауға жарамсыз екенін мәлім етті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус аурухана маңында болған атыс пен жарылыстар онсыз да ауыр жағдайды ушықтырып жібергенін, енді Әл-Шифа аурухана ретінде қызмет көрсете алмайтынын мәлім етті.

Сонымен қатар, Израиль әскері ондаған жаңа туған сәби мен жараланған адамдарды басқа ауруханаға эвакуациялауға жәрдемдесуге дайын екенін ескертті.

Бұдан бөлек, ХАМАС тобы басқаратын Газа Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ ұсынған жаңарған ақпаратқа сүйеніп, әлі 2300 адам Әл-Шифа ауруханасында жатқанын дәлелдеді. Ауруханада 600-ден 650-ге дейін науқас, 200-ден 500-ге дейін медициналық қызметкер мен ғимаратты паналаған 1500-ге жуық адам бар.

BBC жаңалықтарының мәліметтері бойынша, Израиль президенті Исаак Герцог ғимараттың астында ХАМАС базасы орналасқан деп түсіндірді, ал топтың өзі мұны жоққа шығарды.

Алайда, Израиль әскері соғыс қимылдары кезінде госпитальге шабуылдамағанын жария етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу