Газадағы нысандарға қайтадан соққы жасалуда

164

Израиль Газа секторындағы жаппай шабуылын жалғастырып жатыр. IDF мәліметінше, кейінгі тәулікте әскерилер 100-ден астам нысанаға соққы жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Газадағы нысандарға қайтадан соққы жасалуда Фото: aa.com

Израиль тарапы соққылар тұрғындарға емес, ХАМАС пайдаланатын ғимараттар, зымыран тасығыш, туннельдер және басқа да инфрақұрылымдарға бағытталғанын алға тартты. 

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні Израильдің шабуылдарынан 24 сағат ішінде кемінде 60 адам көз жұмды деп хабарлады. 

Сондай-ақ сенбі күні гуманитарлық жүк артып бара жатқан жүк көліктерін күзетіп тұрған қарулы алты палестиналық Израильдің ұшқышсыз ұшағының соққысынан қаза тапты. IDF бұл адамдарды ХАМАС мүшелері деп мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу