Газа секторынан Қырғызстанның екі азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оларды елге қайтару Сауд Арабиясы Корольдігіндегі қырғыз елшілігі және Ресей Федерациясының Каирдегі дипломатиялық өкілдігінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асқан.
Қырғызстан тарапы эвакуациялауға көмектескені үшін Ресей тарапына алғысын білдірді.
Ведомство Газа секторының аумағынан кеткісі келетін Қырғыз Республикасының азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын жалғастырмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу