Газадан зардап шеккендерді эвакуациялау мүмкін емес — ДДСҰ

301

Тиісті мәлімдеме ұйымның Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды, деп жазады Inbusiness.kz. 

Газадан зардап шеккендерді эвакуациялау мүмкін емес — ДДСҰ Фото: РБК

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оккупацияланған Палестина аумақтарындағы бөлімшесі аурухана пациенттерін соғыс аймағынан эвакуациялау мүмкін еместігі туралы хабарлады және Газадағы атысты дереу тоқтатуға шақырды.

"[Газа секторының] солтүстігіндегі ауруханалар үнемі эвакуациялау туралы бұйрықтар алады, бірақ пациенттердің өміріне қауіп төндіретіндіктен оларды көшіру мүмкін емес. Біз бейбіт тұрғындар мен медицина қызметкерлерін қорғауға, сондай-ақ эвакуациялау туралы бұйрықтардың күшін жоюға және Газадағы гуманитарлық жүктерге тұрақты қол жетімділікті қамтамасыз етуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бөлімше Газада "тоқтаусыз қарқынды бомбалау жүріп жатыр, көптеген медициналық мекемелер әуе шабуылдарымен қирады" деп хабарлады.

"Ауруханалар ауыр жарақат алған науқастарға толы және зардап шеккендердің саны азаймай отыр. Дәрі-дәрмек қоры таусылып, жанармайдың жоқтығы медициналық мекемелер мен жедел жәрдем машиналарының жұмысына әсер етіп жатыр", - деп атап өтті ұйым.

Бұған дейін ДДСҰ Палестинаның Газа секторында жаралыларға дәрі-дәрмек жетіспейтіндіктен, операциялар анестезиясыз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу