200 тонна азық-түлік тиелген су көлігі Таяу Шығысқа Кипр жағалауынан аттанған. Бұл пилоттық жобаның мақсаты - палестиналық анклавқа жәрдем жеткізетін жаңа теңіз жолын ашу. Кеме испаниялық қайырылымдық қорына тиесілі.
Айта кетсек, қазір АҚШ Газа жағалауының маңында Газаға гуманитарлық көмекті тез апаруға мүмкіндік беретін жүзгіш пункт салуды жоспарлап отыр.
Израиль-Хамас соғысы қазанның 7-де басталды. Содан бері Израильдің әскерінің шабуылдарынан Газада 30 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 2,3 миллион халықтың төрттен бірі ашаршылыққа ұшырап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу