21 қазанда Египетпен шекарадағы "Рафах" өткізу өткелі ашылғалы Газаға күніне орта есеппен 33 жүк көлігі кіреді. Бұл туралы палестиналық Қызыл Жарты ай мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Халықаралық көмек ұйымдары 7 қазанға дейін Газа секторына күн сайын 500-ге жуық коммерциялық жүк көлігі кіргенін айтады. Аймақ тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін күніне кемінде 100 жүк көлігі қажет екен.
Палестина Қызыл Жарты айының мәліметінше, 21 қазаннан бері Рафах өткелі арқылы Газа секторына 569 жүк көлігі өтіпті. Дүйсенбіде бірден 93 көлік өткен.
Сейсенбі күні Израиль билігі "Рафах" арқылы 70 жүк көлігі өткенін хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу