Газдан уланып өлу көрсеткіші 28%-ға төмендеді

1308

Онлайн режимде халыққа есеп беру кезінде сөйлеген сөзінде төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деді. 

Газдан уланып өлу көрсеткіші 28%-ға төмендеді

Министр қыста өрт көрсеткіші 9%-ға өскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Талдау барысында өрттің негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі болатыны анықталды. Өрттің 45%-ы – шаруашылық құрылысында, 43,6%-ы – жеке тұрғын үйде, 11% көпқабатты үйде тіркелді. 

Министрдің мәлімдеуінше, пеш орнату және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталмауынан – 1 420, электр жабдықтарын монтаждау мен пайдалануды дұрыс жүргізбеудің салдарын –  1 483 өрт оқиғасы тіркелген. 
Осының кесірінен 276 адам ажал құшқан. 97 адам мас болған, 59 адам төсекте темекі шеккен. 

"Газдан уланып өлу көрсеткіші 28%-ға төмендеді. Әкімдіктердің қолдауымен 
азаматтардың қауіпсіздігі үшін 25 427 үйге өрт датчиктері орнатылды. Құрылғының іске қосылуы 15 адамның, оның ішінде 8 кәмелет жасына толмаған баланының өмірін өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік берді", – деді Юрий Ильин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу