Газдың тең бөлінбеуіне наразы кәсіпкерлер Энергетика министрімен кездесті

1466

Әділдік іздеген маңғыстаулық кәсіпкерлерді елордада Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қабылдады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Газдың тең бөлінбеуіне наразы кәсіпкерлер Энергетика министрімен кездесті

Бірақ газ сатушыларыларға мұңдарын ғимараттың төрінде отырып  емес, табалдырықта тұрып жеткізуге тура келді. Өйткені елордаға келген 50-ге жуық бизнес иесі "НұрОтан" кеңсесіне сыймады. Ал екі жылдан бері бірде бір органнан қайран таппаған кәсіпкерлерді энергетика министрі де жұбата алмады. Есесіне, газды қажетті мөлшерде беріп жатырмыз деп, мәселені Маңғыстау өңірінің әкімдігіне сілтеді. Ал жақын арада шикізат электронды сауда алаңына шығарылса, министрлік бұндай мәселені шешуге қауқарсыз болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу