Газға қосылудың техникалық шартын енді eGov.kz порталынан алуға болады

391

Бұл қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Газға қосылудың техникалық шартын енді eGov.kz порталынан алуға болады Фото: inbusiness.kz

eGov.kz порталында газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттарды өтінім беру арқылы алуға алады, деп жазады inbusiness.kz.

Порталда бұл қызметті алу үшін барлық қажетті жолды толтырып, көрсетілген мекен-жай бойынша тиісті ақпаратты растау қажет.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің сөзінше, үйді көгілдір отынға қосу үшін ең алдымен жер үйлер мен нысандардың иелері техникалық шарттарды алуы керек. 

"Бұл кезеңді ыңғайлы ету үшін біз Энергетика министрлігі және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен  бірлесе бұл қызметті онлайн режимге ауыстырдық. Дайын құжатты eGov.kz жеке кабинетінде көруге болады", - деді ол.

"Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру" қызметін алу үшін порталда "Жылжымайтын мүлік" - "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" бөліміне өту керек.

Жаңа қызмет техникалық күрделі емес нысандар үшін – 5 жұмыс күні, ал техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу