"Эпиорталығы Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінен іргелес өңірлерде 2 000-ға жуық ғимарат қирандыға айналды, жүздеген адам қаза тапты. Провинцияда жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу барысында 22 адам қамауға алынды. Газиантептегі қираған ғимараттар ісін тергеу аясында Нұрдағы ауданының мэрі Оккеш Кавак ұсталды. Demirören ақпарат агенттігі тағы 80 адамды қамауға алуға ордер шығарылғанын хабарлады", - деп жазылған түрікше BBC сайтында.
Бұған дейін хабарланғанындай, Табиғи апаттарды басқару және төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) мәліметі бойынша жойқын жер сілкінісі салдарынан 44 218 адам қаза тапқан.
Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи мәлім еткендей, жер сілкінісінен қираған және құлау алдында тұрған 156 мың ғимарат анықталды.
Жер сілкінісі болған провинциялардың прокуратуралары қираған нысандардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен 6 ақпаннан бері 564 адамды ұстады.