"Газпром" Францияға газ жеткізуін қысқартады

566

Бұрын Макрон Ресей газды соғыс қаруы ретінде қолдануда, сондықтан оның жеткізілімін тоқтатуға дайын болу керек деп мәлімдеген еді.

"Газпром" Францияға газ жеткізуін қысқартады

Францияның Engie деп аталатын энергетикалық корпорациясы "Газпромнан" газ жеткізілімінің қысқаруы туралы хабарлама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеткізілімдердің қысқаруына тараптардың келісім-шартты іске асыру бойынша ортақ мәмілеге келе алмауы себеп болған.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бері "Газпром" Францияға жеткізілетін газ көлемін едәуір қысқартты. Бұған дейін ресейлік газды тасымалдау көлемі 1,5 ТВт/сағ дейін төмендетілген болатын.

Engie өкілдері шілде айынан бері Ресей газының импорты жалпы газ импортының 4% құрағанын мәлімдеді.

Есте сала кетейік, бұрын Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей газды соғыс қаруы ретінде қолдануда, сондықтан оның жеткізілімін тоқтатуға дайын болу керек деп мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу