"Газпром" Қазақстанмен газ саласындағы ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ресейлік компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатқа "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллер мен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың кездесуінде қол қойылды.
"Тараптар ынтымақтастық болашағын талқылады. Кездесуде Алексей Миллер мен Роман Скляр газ саласындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды", – деп жазады ресейлік компания таратқан ақпаратта.
Еске сала кетсек, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ішкі тұтыну мен Қытайға экспорттық міндеттемелердің өсуін ескере отырып, ресейлік газ тасымалын ұлғайту мүмкіндігін талқылауда.