"Газпром" уақытша "Түрік ағынымен" газ жіберуді тоқтатады

534

Құбырдың екі тізбегі бойынша газ тасымалдау бір аптаға тоқтатылады. 

"Газпром" уақытша "Түрік ағынымен" газ жіберуді тоқтатады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

"Түрік ағыны" газ құбырының жұмысы жыл сайынғы жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге байланысты тоқтатылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Газпромның" баспасөз қызметі Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Түрік ағыны" газ құбырының екі желісі бойынша газ тасымалдау жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2023 жылғы 5-12 маусым аралығында уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Компания газ тасымалдауды тоқтату жайында шешім барлық тараптармен алдын ала келісіп қабылданғанын атап өтті.

"Түрік ағыны" - Қара теңіз бен түріктер жері арқылы Ресейден Түркияға және оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне газ жеткізетін газ құбыры. Оның жобалық қуаты жылына 31,5 млрд текше метр газды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу