Гейтс пандемияға қатысы жоқ екенін айтты

585

Оның қоры індетпен күреске 250 миллион доллар бөлген.

Гейтс пандемияға қатысы жоқ екенін айтты Фото: ria.ru

Microsoft компаниясының негізін қалаған америкалық миллиардер Билл Гейтс коронавирус пандемиясына қатысы жоқ екенін тағы да мәлім етті. Індет басталғалы әлеуметтік желілер мен интернет басылымдарында Гейтс пен оның жары Мелинданың қоры вирусқа қарсы вакцинаны адамдарға чип ретінде енгізіп, халықты толықтай бақыламақ деген ақпарат тарап кеткен еді. Миллиардер әлемдегі халық санын 15%-ға қысқартпақ деген видео Youtube желісінде миллиондаған қаралымға ие болды. 

"Пандемия, әлеуметтік желі мен оңай шешім іздейтін адамдар. Осылардың комбинациясы қатты қапаландырады", – дейді Гейтс.

Айтуынша, оның қоры пандемиямен күреске 250 миллион доллар бөлген. Маусым айының басында Гейтс адамдарға чип енгізу туралы конспирологияық теорияларды ақымақтыққа жатқызып, оларды тіпті жоққа шығарудың өзі қисынсыз екенін жеткізген еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу