Гель маникюрін жасату қатерлі ісік тудыруы мүмкін

710

Тырнақ бояуын кептіру үшін қолданылатын шамдар ультракүлгін сәуле шығарады, деп хабарлайды inbussines.kz.

Гель маникюрін жасату қатерлі ісік тудыруы мүмкін

Бұл жаңа зерттеуге сәйкес, көбіне қатерлі ісікке ұласатын ДНҚ мутациясын тудыруы мүмкін екендігі анықталып отыр. 

Сан-Диего Калифорния университетінің зерттеушілері Nature Communications ғылыми журналында жарияланған зерттеуде тышқандар мен адам жасушаларын зертханада ультра күлгін сәулемен сынап көрген.

Гель лакты қатыратын аппараттар әдетте қауіпсіз деп саналатын UVA спектрін пайдаланады. Тырнақ қатыратын аппараттың сәулесін түсіргеннен кейін жасушалар өліп, ДНҚ зақымдану белгілері байқалған.

Әрине, зерттеу қатерлі ісік қаупін дәлелдемейді, бірақ сәнге айналған тырнақ бояудың қауіпі туралы тереңірек зерттеуге түрткі болуы мүмкін.

Дегенмен, сәуле радиациясы қолдың қатерлі ісігін тудыруы мүмкін, дейді ғалымдар.

Гель лактан бас тартқысы келмейтіндер үшін Америка дерматология академиясы маникюр алдында қолға күннен қорғайтын крем жағуды немесе арнайы қолғап киюді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу