"Гелиос" жанармай құю бекетіне талапқа сай емес тауарды сатқаны үшін айыппұл салынды

651

"Гелиос" ЖШС Көкшетау филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Гелиос" жанармай құю бекетіне талапқа сай емес тауарды сатқаны үшін айыппұл салынды Фото: google

Мекеме "Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарды өткізген, деп жазады inbusiness.kz ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті  "Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының" өтініші бойынша "Гелиос" ЖШС Көкшетау филиалына қатысты Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. 

"Тексеру барысында "MANNOL EXTREME 5W40, 1 L, майының өндірушісі: SCT Lubricants, Infoline: SCT-VERTRIEBSGMBH Feldstrasse 154 22880 Wedel/Hamburg Germany" маркалы мотор майының таңбалану бөлігінде КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде ақпарат жоқ екені анықталды. Сондай-ақ ұсынылған бейнематериалдар бойынша заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін сатушының ұсынбауы жайлы факт тіркелді. "Гелиос" ЖШС Көкшетау филиалына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жалпы сомасы 414 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу