Генерал Далбековке сөгіс жарияланды

681

Ішкі істер министрінің орынбасары шымкенттік полицейлердің жұмысын сынға алды.

Генерал Далбековке сөгіс жарияланды

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Шымкентке сапары барысында қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, генерал Қайрат Дәлбековке қатысты сөгіс жариялау туралы бұйрық шығарылғанын хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Жиын барысында Марат Қожаев қалалық полицияның жұмысты ұйымдастыру мен тәртіп жағдайына қатысты жұмысын қатаң сынға алды. Ол өз сөзінде қазіргі жағдай шұғыл өзгерістерді қажет ететінін атап өтті.

ПД басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы, рота командирі мен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері, Абай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің жасаған қылмыстары мен құқық бұзушылықтары себеп болды. 

Негізгі міндеті кадрлармен жұмыс істеу болып табылатын кадр аппаратына қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады.

"Президенттің Қазақстан халқына "Жаңа Қазақстан" Жолдауын жүзеге асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, парақорлыққа орын жоқ. Бүгінде ішкі істер органдарының адал, әділ, еңбекқор қызметкерлерін қолдаймыз және насихаттаймыз. Біздің басты міндетіміз заматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және Заң үстемдігі", – деп түйіндеді сөзін министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу