Генерал Көпбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды

1905

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды.

Генерал Көпбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша Қорғаныс министрлігі Кадр департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қ.Р. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтағанын хабарлады.

Көпбаевтың 2019 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласы "Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты" РММ-ге офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталған.

"Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді",– деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу