Генерал-майор Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

2585

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды. Бұл хабарды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен таратты, деп жазады inbusiness.kz.

Генерал-майор Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

"Тергеуге қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де бекет бақылаушысы тапты. Кезекші дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне қарамастан, аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен сөйлесті. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер анықталған жоқ", - деді ведомстводан.

Облыстық департаменттің қызметкерлері қызметтік тексеру тағайындады, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтату үшін ақшалай қаражат пен мүлікті алдау жолымен алды деген күдікке ілінген болатын. Оны мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұстаған.

Жайлаубек Халықұлы 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу