Генетикалық модификацияланған тұқым жүгері алқабын өртеп жіберді

1577

Генетикалық модификацияланған тұқым жүгері алқабын өртеп жіберді

Нақтырақ айтқанда, венгерлер Monsanto биотехнологиялық және генетикалық модификациялық алып компанияның жалпы ауданы 1000 акр (4047 шаршы метрге тең жер өлшеуі) құрайтын алқапқа себілген жүгеріні өртеп жіберді, деп хабарлайды ислам.кз.

Еуроодаққа мүше өзге елдерге қарағанда Венгрияда генетикалық модифицияланған тұқымдарды себуге тыйым салынған жалғыз мемлекет. Бақылаушы және қадағалаушы орган өкілдері, сондай-ақ, Pioneer және Монсанто компанияларының да тұқымын тауып алған. Тексере келе ЕО аймағында тауарлардың қозғалысына шектеу қойылмағанымен Венгрия билігі бұл тұқымның қайдан келгенін және қалай рұқсат берілгенін (ел аумағында себілуіне) тексеретін болады.

Дер уақытында ГМО-жүгерінің орнына (1000 акр) табиғи өнім беретін ауыл шаруашылық өнімдерінің тұқымы себілмегеніне байланысты, венгерлер биылғы тұқым егу және жиын-терін науқанында айтарлықтай шығынға ұшырайтын болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу