Геннадий Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте шаршы алаңға шығады

682

27 сәуірден бастап билеттер сатылымға түседі.

Геннадий Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте шаршы алаңға шығады Фото: inform.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) BoxingScene тілшісі Кевин Айолға берген сұхбатында алдағы жекпе-жегінде (19-0, 10 КО) канадалық Стив Роллспен жұдырықтасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Келесі аптаның басында, яғни 22 немесе 23 сәуірде бокс кешіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Ал 27 сәуірден бастап билеттер сатылымға түседі.

Айта кетсек, 35 жастағы Стив Роллс екінші жартылай салмақта өнер көрсетеді. Ол 2011 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген. Жекпе-жектерінің басым бөлігі өз елінде, алты рет АҚШ-та болды. Канадалық өз карьерасында 12 раундтық кезесу өткізбеген. Сондай-ақ, ол АҚШ-та USBA нұсқасы бойынша екінші жартылай салмақта шағын белбеуге ие.

Ал 37 жастағы Геннадий Головкин рингке 2018 жылдың қыркүйегінен шықпаған. Ол соңғы кездесуінде төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу