Геннадий Головкин ең үздік шетелдік боксшы атанды

909

Геннадий Головкин ең үздік шетелдік боксшы атанды

Box Sport журналы қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) кәсіпқойлар арасында 2016 жылдың ең үздік шетелдік боксшысы деп атады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин бұл номинацияда украиндық боксшы Василий Ломаченко (7-1, 5 КО) мен америкалық Андре Уордты (31-0, 15 КО) басып озды. Өткен жылы GGG рингке екі рет шығып, сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО) және қыркүйекте британдық Келл Брукты (36-1, 25 КО) нокаутқа жіберді. Айта кетейік, Box Sport басылымының мұқабасына Головкин - Брук айқасының сәті бейнеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу