Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Саулем Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе жек алдында ұйымдастырылған фотосессияға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің твиттерінде жазды. Олардың бірінде Геннадийдің оң қапталын алға ұмсынып, бокста солақай екендігін көрсетсе, ал екіншісінде өзінің барлық белбеулерін тағынып қасқайып тұрған сәті түсірілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу