"Мен Канелоны өте жақсы білемін. Мен бұлай емес (Канелоның жеңілмейтіндігі туралы – Sports.kz) екенін білемін. Соңғы кездегі қарсыластар, (Дмитрий) Бивол мен алдыңғыларды есептемегенде, бұл оның промоутері екеуінің ақша жымқырумен байланысты бизнес-жобалары. Бұл оның жеңілмейтіндігін білдірмейді. Теке-тіреске түскен қарсылас (Бивол) оны орнына қойды. Біз 168-дегі (фунт) ең мықты қарсылас немесе 175-тегі туралы айтып тұрған жоқпыз. Жекпе-жек нәтижесін мүлдем басқа арнаға бұратын боксшылар да бар. Адамдар көрме жекпе-жектеріне қарап, алдамшы әсерде қалады. Мен бәрінен бетперденің шешілгеніне, Канело жанкүйерлерінің ояна бастағанына қуаныштымын", – деді Головкин Daily Mail-ге берген сұхбатында.