Геннадий Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды

949

Геннадий Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды

Қарағандыда боксшы Геннадий Головкинге салтанатты түрде "Қарағанды облысының құрметті азаматы" куәлігі мен белгісі табысталды. Аталмыш атақты беру туралы шешім желтоқсан айында облыстық мәслихат сессиясында қабылданған болатын, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара Н.Әбдіров атындағы спорт комбинатында өтті. "Қарағанды облысының құрметті азаматы" куәлігі мен белгісін Геннадий Головкинге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыстады. Танымал боксшыны жаттықтырушылар, шенеуніктер мен депутаттар құттықтады. 

Геннадий Головкин бұл атақтың өзі үшін үлкен абырой екенін атады.
"Мен бірінші кезекте сіздер сияқты Қазақстан Республикасының азаматымын. Алдымен елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спортты қолдап, дамытып жатқанын үшін алғысымды айтқым келеді. Жәнеде құрметті депуттаттар, сіздерге "Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағы үшін алғысымды білдіремін", – деді боксшы.

Геннадий Головкин – жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіби боксшы, ол орта салмақта жұдырықтасады. 2004-ші жылы өткен Олимпиада ойындарының вице-чемпионы, WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
2017 жылы "Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағы – армия генералы Мұхтар Алтынбаевқа, боксшы Геннадий Головкинге және Ұлы Отан соғысына қатысушы, Даңқ орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековке берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу