Геннадий Головкин ҚР ҰОК президенті қызметінде қанша уақыт отыратынын айтты

287

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин әйгілі америкалық бокс комментаторы Кевин Айолиге сұқбат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Геннадий Головкин ҚР ҰОК президенті қызметінде қанша уақыт отыратынын айтты Фото: t.me/olympickz

"Иә, қазір көріп жүргенім, салаға келгенім маған ұнайды. Маған сіздің  спорттың барлық түрінен сұрақ қоятыныңыз ұнайды. Мен ҰОК-қа бокс үшін ғана келмедім. Бокс – мен өз елімнің атынан көрсете алатын спорт түрлерінің бірі ғана. Мен бұл жерге шенеунік немесе саясаткер ретінде емес, спортшы ретінде келдім. Мен спорттың барлық түріне қызығамын. Мені барлық спортшылар, әсіресе Олимпиадаға қатысып, еліміздің атынан шығып жүргендер қызықтырады. Мен спорттың барлық түрінен спортшылар өздеріне лайықты нәрсені алғанын қалаймын. Олар құр қалмау үшін, армандарына жетуге мүмкіндік алғанын қалар едім. Ал, дәл қазір мен келесі циклге дейін қалатыныма сенімдімін", – деді Геннадий сұқбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу