Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Қытайға келді, деп жазады Vesti.kz.
Геннадий Головкин мұнда әнші Димаш Құдайбергенов пен Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрәли Әлиевпен кездесті.
"Бауырларыммен керемет кездесу. Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Шанхай", - деп жазды Димаш Құдайбергенов Instagram әлеуметтік желісінде.
Alibaba Group интернет-компаниясынан 39 миллиард доллар пайда тапқан 53 жастағы Ма Головкиннің жанкүйері. Қыркүйек айында ол отандасымыздың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткен кездесуін тамашалап, жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшымен суретке түсті.
Ал Головкиннің өзі даңқты филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) және Голливуд жұлдызы Джейсон Стэтхэммен бірге фильмнің трейлеріне түскен еді.