Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) қазан айының екінші жартысында жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу Мексикаға ат басын бұрады, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.
Бұл туралы ESPN Deportes басылымына Головкиннің промоутері Том Леффлер Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55-конгресінде айтты.
Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі басшыларының айтуынша, Головкин Пуэрто-Рико, Флорида және Хьюстонда табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектеседі.
Еске салайық, бұған дейін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста отандасымыздың қарсыласы болған мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарына 1 млн доллар көлемінде ақша аударып, көмектескен болатын. Мексикадағы 7,1 балдық жер сілкінісі 19 қыркүйек күні болған еді. Соңғы деректер бойынша, бұл апаттан 360 адам қаза тапқан. Тағы төрт миллионға жуық тұрғын жарықсыз отыр.